Кәсіподақ мүшелері Елбасы Жолдауын қолдайды
19 қаңтар күні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымының Пленумы өтті. Пленум отырысында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын орындауда білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымының міндеттері және 2017 жылы атқарған жұмысының қорытындысы қаралды.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы С.Әбдіқадыровтың төрағалығымен өткен жиынға Алматы облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Ә.Қыдырманов, «Нұр Отан партиясы Алматыоблыстық филиалы төрағасының орынбасары С.Нұрқадыров, қалалық және аудандық кәсіподақ комитеттерінің, оқу орындарындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері, өзге салалық кәсіподақ ұйымдары мен мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Алқалы отырыс барысында кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары мен белсенділері Президенттің Жолдауының өзектілігіне тоқталып, маңызды құжаттың негізгі басымдықтары туралы сөз тарқатты.
«Елбасы Жолдауда елiмiзде цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, өзгерістерге үнемі бейім болу, педагогтарды оқыту мен біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарап, дамытудың жаңа мiндеттерiн нақтылап бердi. Бұл мiндеттерді iске асыру ұстаздар қауымына үлкен жауапкершiлiкті жүктейді. Осы орайда, Жаркент өңірінің барлық білім мекемелерінде Елбасы Жолдауы талқыланып, ұстаздар тарапынан қолдау табуда», - деді өз сөзінде Панфилов аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Мақытбек Әділұлы.
Жетісулық педагогтар Жолдауға қолдау білдіріп, көрсетілген міндеттерді орындауға әзір екендіктерін жеткізіп, жүктелген міндеттерді жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті.
Сонымен қатар, қоғамдық бірлестіктің 2018 жылы атқарар мақсат –міндеттері айқындалды.
Білім және ғылымқызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымыныңбаспасөз қызметі
-
Фото
-