.jpg)
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру, насихаттау мақсатында Ақтөбе облыс әкімдігі тарапынан құрылған ақпараттық топтың құрамында облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Р.Серікова Темір ауданында болып қайтты.
Ақпараттық топ аудан орталығының халқымен кездесіп, бүгінгі таңда еліміздің қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келе жатқандығын айтып,ұстаздар қауымына орта білім беру жүйесінің жаңартылған бағдарламаға көшірілуіне орай мұғалімдердің жалақысы қалай өзгеретіні туралы баяндады.
Сонымен қатар, аудан орталығындағы бірнеше мекемелерге, білім ордаларына барды.
Топ мүшелері Ақсай, Қопа, Темір ауылдық округтерінің тұрғындарымен, мектеп ұжымдарымен кездесті. Кездесу барысында биылғы 2018 жылдың 10 қаңтарында жарияланған ҚР Президентінің Жолдауын талқылап, Жолдаудың жетінші бөлімі: адами капитал – жаңғыру негізі атты міндетке баса назар аударды.
Темір ауданы ұстаздар қауымы Елбасы Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауларының Қазақстан халқының тұрмыс-тіршілігіне бағыт-бағдар беріп, әлем елдерінің алдыңғы қатарында болуға апарар нақты жолын айқындап тұратынын атап өтті. Ақпараттық топ мүшелеріне көптеген сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.
Аудан халқына, ұстаздарына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтар «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы түсіндіріліп, ауыл тұрғындары тарапынан қолдау тапты.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-