«Жұмбақтас-Ұлағатты ұстаздар жүрегінде»
Ұстаз-ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып адамгершілік рухта бағыт бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
Жаңа оқу жылының басталғанына 5 ай уақыт өтсе де ұстаздарымыздың еңбектерін биік ұстап есте қаларлықтай демалыс саяхатын ұйымдастырған «Қазақстандық салалаық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымы» қоғамы бірлестігі мен Қармақшы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағына ұстаздар дән риза.
2018 жаңа жылдың алғашқы күні 1 мен 9 қаңтар аралығында жер жаннаты Бурабай жерінде орналасқан «Жұмбақтас» пансионатына ауданымыздан 12 ұстаз 5 күндік жолдамаға ие болды. «Жұмбақтас» пансионаты демалушыларға ұмтылмас демалыс ұсынды.
Ұстаздары еңбектерінің еленгені, олардың қоғамдағы мәртебелеріннің көтерілуі - ұстаздың шығармашылық ізденістеріне жігер беріп, ұлт болашағын тәрбиелеуде аянбай еңбек етеді деп сенім артуға болады.
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,№21 «Тоғжан»
ясли-бақшасыныңбастауыш кәсіподақ төрайымы Ж.Ақбатырова
-
Фото
-