
«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Елбасы Жолдауы
Президент Жолдауында белгіленген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Қызылорда облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Байназарова Райкүл Мансұрқызы «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» тікелей эфирінде сұхбат берді.
Р.Байназарова мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін айтып, нақты 10 бағыт бойынша маңызды міндеттерді белгілегендігін атап көрсетті.
Р. Байназарова сұхбат барысында: «Болашақтың тұтқасы бәсекесі қабілетті, білімді маман деген қағиданы бетке ұстап, білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге білімдар буын қалыптастыруға атсалысамыз» деген тұжырымын баяндады.
Сонымен қатар, Елбасының Жолдауында белгілеген бағыттар білім беру саласының жастарына етене жақындығын атап өтіп, сапалы ұлт тәрбиелейтін, олардың таным көкжиегін кеңейтетін, қиын шақтарға қарамастан ұлы істерде бастама көрсете білген ұстаздар қауымының аталған тарихи жаңғыру үрдісіне де белсенділік танытатынын жеткізді.
Сонынмен қатар Р.Байназарова: «Жолдаудың ерекшелігі - білім саласының барлық сатылары бойынша нақты міндеттер айқындалған. Мысалы, Президент орта мектеп, колледждерінің, жоғары оқу орындары үздік оқытушыларының бейнесабақтары мен бейнелекцияларын Интернетке орналастыру керек екенін атап өтті. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі ұстаздарға қолжетімді әрі пайдалы дүние болары анық», - деген тұжырымдама жасады.
Гүлнар Ескалиева