
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ АРНАЛҒАН ТУРНИР
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында мектебімізде аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Қамажай Иманбаеваның ұйытқы болуымен аудан мұғалімдері арасында ұлттық ойынымыз – тоғызқұмалақ және шахматтан жекелей турнир өткізілді. Турнирге ауданымыздың 10 мектебінен 30 жуық ұстаздар қатысты.
Турнирді алғашқы құттықтау сөзімен мектеп директоры Т.Майкеев ашып, аудандық кәсіподақ төрайымы Қ.Иманбаева жалғастырып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Турнирге А.Дүйсекбаев пен А.Аманқұлов төрешілік жасады. Осы турнир барысында ұлттық ойынымыздың әлі де өміршеңдігін, асыл мұрамыздың жасампаздығын, кенжелеп қалмағандығын турнир жеңімпаздары өз ойын шеберліктерімен дәлелдеді.
Ойын өте тартысты, аса шиеленісті жағдайда өрбіді. Турнир барысында ұлттық ойынымыздың аса қарқынды дамығанын ауданымыздың Еңбекші орта мектебінің және Көктөбе ауылының ұстаздары дәлелдеп бақты.
Ұлбота АБДИКАРИМОВА,Еңбекші орта мектебінің қазақ тілі және
әдебиеті пәнінің мұғалімі,ШУ ауданы,ЖАМБЫЛ облысы