
КІТАПХАНАШЫЛАР ҰСЫНҒАН 100 КІТАП
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудан кітапханашыларының «Ұсынылатын 100 кітап» атты оқырмандар конференциясы М.Мақатаев атындағы орта мектебінің акт залында өтті.Конференция жұмысында 4 мәселе қаралды. Олар, «Кітап-алтын қазына» тақырыбында ойын-тренинг, «Кітапта жатыр мол білім» тақырыбында ойын сабағы, кітап туралы ұлы адамдардың нақыл сөздеріне ой-толғау мен «Ұсынылатын 100 кітап»презентациясы.
Б.Момышұлы орта мектебінің кітапханашысы Нұрсұлу Секееваның оқырмандармен өткізген ойын-тренингінде Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» әңгімесіне топтардың буктрейлер жасап, автор орындығы бөлімінде Жантас пен Қожаның кейпін сомдауы көпшілік назарынан шықты. Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің кітапханашысы Асылхан Ұзақбаева «Кітап әлемді бағындырады» тақырыбындағы «Тәтті кәмпит», «Карта» бинго ойындары оқырмандардың шабытын оятып, олардың кітапқа деген зор құрметтерін көрсетті. М.Мақатаев атындағы орта мектептің кітапханашысы Ақгүл Тоқтыбаева «Ұсынылатын 100 кітап» тақырыбына презентация жасады.
Аталмыш конференция оқырмандарымыздың ізденімпаздығы,шеберліктері,кітапқұмарлықтары басым екендіктерін көрсетті.Қорытынды барысында «Қандай әсер алдың?» деген сұраққа оқырмандар өз ойларын ашық жеткізе білді. Шараны М.Мақатаев тірек мектебінің шығармашылық тобының жетекшісі Шәмшат Смағұлова қорытындылады.
Х.АЖИБАЕВА,Алға шағын орталықты орта мектебінің кітапханашысы,ШУ ауданы,ЖАМБЫЛ облысы
-
Фото
-