
Көңілдерге қуаныш ұялатқан Жолдау
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрліЖолдауын егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарға құрылған құнды құжат деп білетін Кербұлақ ауданының ұстаздар қауымы, кәсіподақ ұйымының белсенділері Мемлекет басшысының 2018 жылдың 10 қаңтарындағы«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауының толық мәтінімен танысып, талқылады.
Жолдауда көрсетілген міндеттер ұстаздар қауымын сөзсіз ізденіске жетелейді. Елбасы айтқан қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс, тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ6 заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандықты тәрбиелейтін ата –ана мен бірге ұстаздар қауымы.Президентімізден бастап, адамзат баласының барлығы ұстаздан білім алады. Ұстаздың еңбегінсіз өмірдің мәні де, сәні де болуы мүмкін емес.Бүгінде ұстаздар қауымының тұрақты жұмысы бар, жалақыларын да уақытылы алып отырады. Біз, ұстаздар қауымы, Президенттің халыққа Жолдауын ерекше ықыласпен тыңдап, талқыладық, оның жүзеге асырылуына өзіміздің еселі еңбегіміз бен үлесімізді қосамыз.
Мемлекет басшысының әр жыл сайынғы Жолдауы халықтың игілігін, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға, әл-ауқатын арттыруға, жастардың дұрыс тәрбие алуы мен білім деңгейлерін арттыруға бағытталып келеді.
Жолдауда ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктелді. Үнемі ізденісте жүретін ұстаздар қауымы Елбасымыздың әр бастамасын қолдай отырып, Жолдауда айтылған маңызды шараларды бірлесе атқарып, жүзеге асуына ат салысады.
ЛӘЗЗАТ МОМБАЕВА,Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымына қарастыКербұлақ аудандықкомитетінің төрайымы.
-
Фото
-