І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Рухани жаңғыру» – Қазақстан дамуының айқын жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
10 қаңтар күні Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Рухани жаңғыру» – Қазақстан дамуының айқын жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Білім ордасындағы бастауыш кәсіподақ ұйымының бастамасымен өткен шарада І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің инновациялық жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры, заң ғылымдарының кандидаты Мұхтар Әділбекұлы Төлеген төрағалық етті.
Жиынғауниверситеттің оқытушы-профессорлық құрамы,магистранттары мен студенттері, кәсіподақ ұйымының мүшелері, білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымының бас мамандары қатысты.
Дөңгелек үстел отырысында университет жанындағы «Рухани жаңғыру» ғылыми-білім беру орталығының жетекші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Қасабекұлы рухани жаңғырудың әлеуметтік-тарихи мәніне тоқталды. «Қоғамдық сананы жаңғыру жөніндегі Елбасының идеясы - еліміздегі конститутциялық, экономикалық реформалардың заңды жалғасы. Рухани жаңғыру бағдарламасы – мәңгілік ел болудың кепілі. Сондықтан, ұстаздар қауымы қазақ халқының бай тарихи мұрасын сақтай отырып, қазақстандықтардың ұлттық сана-сезімін дамытуға, болмысымызды нығайтып, оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдыруға тиіспіз», - деді өз сөзінде А.Қасабек.
Ал қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Шара Әсетқызы латын әліпбиіне көшудің тиімді тұстарына тоқталып, бұл үдеріс мемлекеттік тілдің халықаралық дәрежеге шығуына, қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кіруге тиімді жолдар ашылатындығын айтты.
Сонымен қатар, «Ілиястану» ғылыми-білім беру орталығының жетекшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Мұратбек Иманғазинов Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында басымдық берілген 10негізгі бағыттың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, атқарылуы тиіс ауқымды шараларды сипаттап берді.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымының бас маманы Л.Сағынғалиқызы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруда кәсіподақтардың роліне тоқталып, қатысушыларды «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасы Жолдауын барынша насихаттауға шақырды.
Ал жиынды қорытындылаған Жетісу мемлекеттік университетінің проректоры М.Төлеген әріптестеріне жастарды елжандылыққа тәрбиелеу ісін күшейтуді, халықтың рухани және моральдық құндылықтарын нығайту бағытындағы жұмыстарды ширатуды тапсырды.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптікодағы
Талдықорған аумақтық ұйымыныңбаспасөз қызметі
-
Фото
-