
ҚР Презиндентінің кезекті Жолдауын талқылаймыз
2018 жылдың 10 қаңтарында өткізілген Павлодар облысы Качир ауданының мектептері директорларының кеңесінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші индустриалды революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы талқыланды.
Білім беру бөлімінің басшысы Ж.Қ. Билялова өз сөзінде: «ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз Жолдауында, бүгінгі таңда әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық, әлеуметтік терең және қарқынды өзгерістер заманынакіретіні айтып өтті» - деді. Жаңа технологиялық тәртіп жұмыс істеуімізді, өз азаматтық құқығымызды жүзеге асыруымызды, бала тәрбиелеуімізді түбегейлі өзгертеді. Біздің Президентіміз, Қазақстанның жаңа әлем көшбасшыларының қатарына енуі үшін қажеттінің барлығы бар екенін нақты атап айтты. Ол жаңа 10 міндетті көрсетті. Мектеп директорлары мұғалім мамандығының беделін көтеру үшін мұғалімдердің жалақысы көбейтіліп, оқу материалының жаңартылған мазмұнын ауыстыратынына назар аударды.Бұдан басқа, мұғалімдерге арналған санаттар ұлттық біліктілік тест арқылы беріледі.Песчан №2 ЖОМ директоры Н.Т. Әліпова былай деді: «Білім беру жүйесін дамытудағы мұндай қадамның өзектілігі мен уақыттылығына күмән жоқ, өйткені жас ұрпақ оқу материалын жүзеге асыруға сапалы жаңашыл көзқарасты талап етеді. Бұл республикамыздың барлық азаматтары үшін маңызды оқиға. Әрқайсымыздың игілігімізге байланысты маңызды құжат ұсынылды. Алдағы уақытта бастысы – Мемлекет басшысының қойған міндеттерін іске асыруға барлық күшті бағыттау. Құжат ертеңгі күнге деген оптимизм мен сенімділікті күшейтеді».