
Павлодар облысы Ақсу қаласы Қызылжар орта мектебінің ұстаздарының ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы туралы пікірлері
2018 ж қаңтардың 9-ы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Халыққа Жолдауын ұсынды. Заманның ағымына қарай технологиялық, экономикалық және әлеуметтік қарқынды дамып, еліміздің жаһандану жүйесіне еніп келетінін ескере отырып, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойғанын, 100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда екеніне айта кетіп, негізгі 10 тапсырмаларға тоқталды. Біз ұстаздар – білім беру саласында жұмыс істегендіктен, жетінші бөлім аса қызығушылық тудырды.
Елбасымыз жаңартылған бағдарламалардың білім жүйесіне енгеніне тоқталып қана қоймай, білім сапасына назар аудару керектігін және педагогтарды оқыту, олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керектігін айтып өтті. Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейтіп, білім беру мекемелерінің арасындағы бәсекелестікті арттыру керектігін тілге тиек етті.
Біздегі оқушылардың жүктемесі ішінде ең жоғары, оны төмендету керектігін және үш тұғырлы тілдің –қазақ, орысжәнеағылшынтілдерін жетік меңгеруге күш жұмсау керектігін айтып өтті. Сонымен қатар, латын әліпбиіне көшу туралы да тоқталып өтті. Мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 пайызға көбейтуді тапсырды. Жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары.
Президентіміздің биылғы жолдауы Мұғалімдер үшін қуанышты хабар болды.