Мықты кәсіподақ - мықты қолдаушы күш
2018 жылы қаңтар айының алғашқы аптасында қалалық кәсіподақ ұйымының жоспарланған жұмысы барысында, Ақтау қалалық білім беру ұйымдары №2, №3 жалпы білім беру мектептері және мектепке дейінгі ұйымдары №22, №42, №56 балабақша қызметкерлерімен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағынының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің төрайымы Т.А.Баймбетованың және Ақтау қалалық білім қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымы К.Енсегенованың қатысуымен жиналыс ұйымдастырылып өткізілді.
Жиналыс барысында облыстық кәсіподақ төрайымы А.Т.Баймбетова бүгінгі кәсіподақ жиналысының мақсатымен таныстыра отырып, келген Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ұжымға ауызбіршілік, жұмыстырына табыстар тіледі. Күн тәртібінде кәсіподақтың бүгінгі таңдағы ықпалы, ұжымдық шарттың маңыздылығы және оның орындалу барысының жай-күйі, бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмысының мақсатты жүргізілуі сынды мәселелер талқыланды.
Жиында қызметкерлер тарапынан да бірқатар ашық сауалдар беріліп, қанағаттанарлық жауаптар берілді. Бүгінгі таңда қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіптік мүдделерін қорғауда, әрбір білім беру ұйымдарындағы бес жылға сайланған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының комитеті ұйымның нәтижелі әрі сауатты жұмысына байланысты екендігіне нақты түсінік берілді.
Келесі сөз кезегінде Ақтау қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподақ төрайымы К.Енсегенова, облыстық және қалалық кәсіподақ жанынан ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар, атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысы бойынша мониторинг негізін басшылыққа ала отырып қалалық кәсіподақ жанынан сауықтыру демалыс орнына тегін 8 жолдама, 50 пайыз көлемінде 2 жолдама, облыстық кәсіподақ жанынан тегін 1 жолдама бөлінгендігін, «ЭКСПО-2017»көрмесіне 26 қызметкерлерімізге барып –қайту жолына қолдау көрсетілгендігі және кәсіподақ атына келіп түскен арыз-шағымдар да уақытылы қаралып, мақсатты жұмыс жүргізілгендігін баяндап өтті.
Жиналыс соңында аталған іс-шараларға қатысып облыс, қала көлемінде белсенді әлеуметтік-әріптестік басшыларының еңбектерін елеусіз қалдырмау мақсатында, облыстық кәсіподақ ұйымы тарапынан «Алғыс хатпен» және қалалық кәсіподақ ұйымы атынан сыйақымен марапатталды. Атап айтқанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Білім үздігі - 2017» атауымен облыс әкімінің «Үздік педагог» сертификаттарымен №22 «Алтын бесік» балабақшасының директоры И.Напалькова, кәсіподақ ұйымының Алғыс хатымен №42«Түймедақ» А.Кубигулова, №56 «Жұлдыз» балабақшасының директорыЖ. Сатқанбаева марапатталды.
Жиналыс соңында ұжым қызметкерлері кәсіподақ жұмысына өз ризашылықтарын білдіре келе, кәсіподақ жиналысы – бұл кәсіподақ қозғалысы идеясын ілгерілетудің тиімді құралы, еңбек қатынастарының өмірлік маңызды мәселелерін талқылау алаңы, тәжірибемен бөлісу, қызметті нақты қорытындылаумен қатар сын айтылып, талаптар қойылатын, ұжымдық шарт жасасу мен орындау, кәсіподақ мүшелерінің еңбек жағдайын жақсарту мақсатындағы қабылданатын мінбе деп тұжырымдады.

Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымыныңтөрайымы К.Енсегенова
-
Фото
-