Көңілдерге қуаныш сыйлаған Жаңа жылдық шырша
Қашан да игі істердің жаршысы болып көңілдерге қуаныш сыйлап жүретін Жаңақорған аудандық білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті Жаңа жыл қарсаңында тағы да бір игі бастама көтеріп, ардагер ұстаздардың басын қосты. Аудандық білім бөлімімен бірлесе өткізілген аталған іс-шараға ардагер-ұстаздармен бірге олардың немерелері де шақырылды. Аудан орталығында өткен бұл айтулы іс-шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы С.Ыдырысов қатысып, ардагер-ұстаздар мен олардың немерелері-бүлдіршіндерді Жаңа жылмен құттықтады.Кеш барысында ардагер –ұстаздар мен жас бүлдіршіндерге жаңа жылдық сыйлықтар тапсырылып, «Әлшекей» өнер мектебінің өнерпаздары ән мен биден шашу шашты.
Айсұлу Пазылова, Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы.