
Шиелі ауданындағы жаңа жылдық мереке
Қызылорда облысы Шиелі аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен №127 Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-лицейінің акт залында 2017 жылдың 29 желтоқсанында 250 адамға арналған білім қызметкерлерінің жаңа жылдық мерекелік шыршас ы өткізілді.Мерекелік шараға Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы мен Шиелі аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Сейілхановтар қатысып, білім қызметкерлерін жаңа жылдарымен құттықтап, осындай шараны ұйымдастырған Рысдаулет Құдайбергеновке алғыстарын білдірді. Мектеп ұжымының ұйымшылдығының арқасында мерекелік шара жоғары деңгейде қызықты өткенін атап өтуге болады. Ерекше карнавалдық костюмдер номинациясы мен жаңа жылдық лоторея ұтыстарына бағалы сыйлықтар таратылып, ескі жылды көтеріңкі көңіл күймен шығарып салдық.