Ақтөбе облыстық кәсіподағының кеңейтілген кеңесі
5 қаңтар күні Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының 2017 жылғы жұмысын қортындылау және 2018 жылға жұмыс жоспарын бекіту жөніндегі Облыстық кәсіподақ Кеңесі атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өтті.Шараға аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары, ұстаздар, Ақтөбе облысының Білім басқармасы мен облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының өкілдері қатысты. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұстаздардың қоғамдағы мәртебесін көтеру мақсатында білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы тарапынан оқушылары үздік нәтиже көрсеткен ұстаздарға көктемгі, жазғы, күзгі демалыс кездерінде Жамбыл облысы «Мерке» шипажайына облыстық кәсіподақ есебінен демалуға жолдама ұсынылды. Облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Р.Серікова көктемгі демалыс кезінде шипажайда демалу үшін 33 ұстазға облыстық кәсіподақ ұйымының сертификаттары мен Ақтөбе облысының білім басқармасы мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бірлескен Алғыс хаттарын ұсынды. Орта, мектепке дейінгі, арнайы білім беру ұйымдары және техникалық, кәсіби білім беру ұйымдары басшыларының арасында өткен «Білім берудің көшбасшысы» облыстық байқауының қортындысы бойынша жеңімпаздары облыстық білім басқармасы мен облыстық кәсіподақтың дипломдарымен марапатталды. Барлық жеңімпаздар облыстық кәсіподақ Кеңесінің қаржылай сыйақыларымен марапатталды.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-