Балаларға шаттық сыйлаған мерекелік кеш
Қызылорда облысы, Қазалы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті үшін 2017 жыл жемісті аяқталды десек болады. Жылдың соңғы іс-шарасы саналар сала қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық шырша кеші барша балаларға шаттық сыйлады деуге болады. Аудан орталығындағы «Ақтілек» мейрамханасында ұйымдастырылған сала қызметкерлерінің 150 баласы жаңа жылдық кеште би билеп, ән салды. Аудандық оқушылар үйінің ұстаздары ұсынған «Золушка» ертегісі желісіндегі театырландырылған қойылым балаларға үлкен әсер қалдырды. Жаңа жылдық шыршаға аудандық білім бөлімі басшысының міндетін қоса атқарушы А.Жулекешов қатысып балаларға өз құттықтауын жеткізсе, аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Раман қатысушы барлық балаларға ұялы телефон сыйға тартты. Сонымен қатар балалар жаңа жылдық мерекелік дастарханнан дәм татып өз қуаныштарын ән жырлары мен билерімен жеткізді.
Бұл мерекелік шараға қатысушы ұстаздар аудандық кәсіподақ комитетіне рахметтерін жеткізіп, жаңа жылдық құттықтауларын жеткізді.
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
-
Фото
-