.jpg)
«Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығында өткен «Ашық есік» күні
2017 жылдың 26 желтоқсанында «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Ашық есік» күні өткізілді.
Іс-шараға оқу орындарының басшылығы, оқытушылары,«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігі» төрайымы, Қамқоршылық кеңестің мүшелері қатысты.
«Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» 2016 жылы «Сәби» қайырымдылық қорының қаражатына салынды. Мекеме 2017 жылдың маусым айынан бастап алғашқы тәрбиеленушілерді қабылдады.
«Мейірім» орталығының ұжымы да жаңадан қалыптасты. Алдағы уақытта ұжым алдында маңызды міндеттер тұр. Басты міндет: тәрбиеленушілерді өмірге бейімдеу, тәуелсіз мемлекеттің білімді, мәдениетті, саналы азаматтарын тәрбиелеу.
Іс-шара барысында қонақтар тәрбиеленушілердің тұрмыстық жағдайларымен, балалар үшін салынған жаттығу залы, үйірмелер мен студиялар, шағын цехтардың жұмысымен танысты.
«Ашық есік» күні ұжым мүшелері үшін де табысты болды. Ұжымдағы қызметкерлердің барлығы кәсіподақ мүшелері.«Қазақстандық салалықбілім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігі» төрайымы Р. Серікова жыл қортындысы бойынша ұжым мүшелерін марапаттап, материалдық қолдау көрсетті.«Ашық есік» күні достық, өзара түсінушілік жағдайында өтті.
Ақтөбе облысы«Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеуорталығы
бастауыш кәсіподақұйымының төрайымы Г. Игисенова
-
Фото
-