
Павлодар облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 108 жоба ензілуде
Білім беру басқармасымен бірлесе Облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы«Тарих толқынында» жобалары бірінің үйлестірушісі болып табылады. Жоба шеңберінде облыстың барлық мектептер тарихы туралы кітаптардың жариялануы жоспарланып отыр. Облыстағы мектептерінің саны – 372. Аталмыш жобаның авторлары – білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымдары, ардагерлері мен түлектері.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында өткен облыстық жастар форумындағы қатысушыларының бастамасы да қызығушылық танытса керек: Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ғалымдарымен бірлесіп, рухани тәрбие беру мақсатында ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларымен кездесулер өткізу жобасын жүзеге асыру айтарлықтай маңызды. Мұндай кездесулер жас буынның туған жері мен тарихына деген ыстық сезімдерін дарытып, педагогикалық мамандықты насихаттайды.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айында кезекті Атқару комитетінің отырысында Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымы 2018 жыл бойы өтетін кәсіподақтар жобасы байқауын өткізу туралы мәселе талқылады. Байқау өткізу идеясы қыркүйек айында ұйымдастырылған панельдік сессиядағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын талқылау кезінде пайда болды. Кәсіподақ көшбасшылары аталмыш жұмысты жан-жақты талдай отырып, бастауыш ұйымдарда, сонымен қатар аудандық, қалалық және облыстық деңгейдегі жұмысты жетілдіру үшін жаңа инновациялық технологияларын енгізу қажеттігі туралы пікірлерін білдірді.
Атқару комитетінің қаулысын жүзеге асыру мақсатында кәсіподақ жұмысына жобалық менеджментті енгізу жөнінде семинар өткізілді. Қоғамдық бірлестік филиалдарының төрағалары мен төрайымдарының алдында басқару менеджментінің қағидаттары мен жобаларын жасаудың технологиялары жайлы ақпаратты талдаумен Павлодар облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Ернұр Нұрланұлы Дәуенов сөз сөйледі.
Ал Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының мамандары кәсіподақ жобасын жасау туралы тәжірибелік жұмысын жүргізді. Кәсіподақ жобасы – кәсіподақ ұйымдары жұмыстарының инновациялық түрі, кәсіподақ қозғалысын жаңғыртудың жаңа амалдарын іздестіру, қалалық, аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының имиджі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Бұл байқау кәсіподақ мүшелігіне ынталандыруды арттыру, сала қызметкерлерінің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыстарын жетілдіру мен жаңашаландыруды қажет ететін ұйымдарда өткізу жоспарланып отыр.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының
Павлодар облыстық ұйымының
баспасөз қызметі
-
Фото
-