
«Тәуелсіз елдің спорт сүйер жастары»
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай, «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» жобасының аясында,«Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі» спорт залында олыстық кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдары студенттердің (ерлер) арасында волейболдан жарыс өткізілді.
Ашылу салтанатына Волейбол Федерациясының қызметкері Елубаев Нұрлан және Қазақстандық салалық білім және ғылымқызметкерлері кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Тәрбия Бәймбетова мен аталған бірлестіктің маманы Асылтас Аманиязова қатысты.Бұл жарысқаАқтау есептік технологиялар колледжі,Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі,Бейнеу политехникалық колледжі,Болашақ колледжі,Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі,Х. Досмұхамедов атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі менМ.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы колледжінен келген 8 команда, 96 студенттерді қатысты.
Жарыстың ашылу салтанатында Қазақстандық салалық білім және ғылымқызметкерлері кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Тәрбия Бәймбетова кәсіподақ жастары арасында ұйымдастырылып келе жатған мұндай іс-шараның маңыздылығына тоқталып, саматты өмір салтының адам денсаулығына оң әсері туралы пікірімен бөлісті. Сонымен қатар, кәсіподақ жастарының спорттық жарыстардағы белсенділіктері - айналадағы басқа жандарды да жігерлендіретіндіктерін атап өтті.
Жарыс тартысты өтті. Командалық ұйымшылдықты, ширақ қимыл мен шеберлікті талап ететін жарыс нәтижесі бойынша І орынды Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі иеленсе; ІІ орынды Маңғыстау энергетикалық колледжі иемденді; ІІІ орынАқтау есептік технологиялар колледжінің спортшыларына бұйырды. Жеңімпаздар арнайы дипломдар, медальдар мен кубоктарға ие болды.
«Қазақстандық салалық білім жәнеғылым қызметкерлері кәсіптік
одағыныңМаңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің маманыА.Аманиязова
-
Фото
-