
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТКІЗІЛГЕН КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ
2017 жылдың 14 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысының Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінде директорлар кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Орта арнаулы оқу орындары басшыларының арасында жиі өткізілетін отырысқа облысымыздың 38 орта арнаулы, сондай-ақ, кәсіптік– техникалық колледж басшылары қатысты.
Тәуелсіздік күніне орайластырылған бұл жиынға Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы М.О.Даупаев және бас маман М.Х.Темиргалиева, БҚО білім басқармасы басшысы Ш.М.Кадырова арнайы шақырумен қатысты.
Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атқару комитеті атынан кәсіподақ жұмысын алға бастыруда және әлеуметтік мәселелердің оң шешілуіне, қызметкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына, бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы бекітілген талаптарды орындаудағы еңбектерін жоғары бағалап, кәсіподақ қозғалысының дамуына өз үлестерін қосқан бірқатар белсенді колледж басшыларына алғыс хаттар мен естеліктер табыс етілді.
Осы отырыстың қонағы ретінде 46 жыл педагогика саласында еңбек еткен, облысымыздың білім сапасы жағынан ең үздік Ж.Досмухамедов атындағы педагогикалық колледжінің директоры лауазымын атқарған педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар Академиясының академигі, ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері Құрманалина Шалқыма Хайроллақызына облыстық кәсіподақ ұйымының тарапынан әлеуметтік әріптестік ретінде ұжымдағы кәсіподақ жұмысына, түрлі тақырыптарда дөңгелек үстелдер мен кездесулер өткізуге белсенділік танытып, колледж ғимаратында кәсіподақ жиындары мен іс – шараларды өткізуге ықпал еткені үшін зор алғыс білдіріліп, заттай сыйлық пен сауықтыру орнына тегін жолдама табыс етілді.
Батыс Қазақстан облыстық білімжәне ғылым қызметкерлерікәсіподағы
-
Фото
-