"Алтын белгі" иегерлерінің алғашқы ұстаздары Астана қаласына саяхатқа және облыстық спартакиададан жүлдегер атанған денешынықтыру пәні мұғалімдеріне «Жұмбақтас» шипажайына жолдама берілді
Қармақшы аудандық білім бөлімі мен аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне байланысты 2017 жылдың желтоқсан айының 13-не 2016-2017 оқу жылындағы өз білімдерін дәлелдеген 38 "Алтын белгі" иегерлерінің алғашқы ұстаздары мен облыстық спартакиададан жүлдегер атанған денешынықтыру пәні мұғалімдерін аудандық білім бөлімінің басшысы Омаров Жарқын Тұрмаханұлы қабылдады.
Кездесуде облыстық мәслихат депутаты Ә.Дәуленбаев ұстаздарға өз тілегін айтып, өзінің аймағына қатысты №30 және №274 мектептің 4 бастауыш сынып мұғаліміне демеушілік жасап, Астана қаласына саяхатқа жолдамасын табыстады. Сонымен қатар, білім бөлімінің басшысы Ж.Омаров облыстық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Райкүл Мансұрқызы Байназарованың қолдауымен 13 бастауыш сынып мұғаліміне Астана қаласына саяхатқа және облыстық спартакиадада жеңімпаз атанған 5 денешынықтыру пәні мұғаліміне «Жұмбақтас» шипажайына жолдамаларын табыстады.
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
-
Фото
-