Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай 2017 жылдың 13 желтоқсан күні Ақтөбе облыстық Кәсіподақтар Орталығының салтанатты шарасы өтті
Сол шарада «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің әлеуметтік серіктестері, аудандық және бастауыш кәсіподақ көшбасшылары Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының төс белгісімен, салалық кәсіподақтың төс белгілерімен, Ақтөбе облыстық Кәсіподақтар Орталығының және облыстық кәсіподақтың Құрмет грамоталарымен, емделіп демалуға Сертификаттарымен марапатталды.
Күннің екінші жартысында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Ақтөбе облыстық ұйымының атқару комитетінің кезекті мәжілісі өтіп, жоспарға сәйкес өзекті тақырыптар талқыланды.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-