«Жаратылыстану ғылымы» саласындағы Түркі әлемі ғалымдарының І Халықаралық Конгресіндк жас ғалымдар
Түркияның Анталия қаласында 2017 жылдың 7-10 желтоқсан аралығында Білім саласы кәсіподақтарының Еуразиялық халықаралық ұйымы (ЕурАзБСКХҰ) мен «Turk Egitim-Sen» Түркия білім қызметкерлерінің кәсіподағы және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақтары бірлесіп ұйымдастырған «Жаратылыстану ғылымы» саласындағы Түркі әлемі ғалымдарының І Халықаралық Конгресі өтті.
Конгрестің мақсаты - жаратылыстану ғылымы саласында қызмет жасайтын Түркі мемлекеттері мен аймақтарынан келген ғалымдардың басын біріктіру болды.
Конгреске Маңғыстау облысынан, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің «Мұнай және газ» факультеті «Экология және химиялық технология» кафедрасының доценті Аккенже Чаншаровна Бусурманова қатысты.
«Влияние коррозии на сроки эксплуатации насосных штанг» (Effect of Corrosion on the Service Life of the Rod) тақырыбында өзінің баяндамасын оқып, конгресс жұмысына белсене қатысты. Ақкенже Чаншарқызы Әл-Фараби атындағы Қазақтың мелекеттік ұлттық университетінің химия мамандығын, ал аспирантураның коллоидті химия мамандығы бойынша бітірген.
2007 жылы «Устойчивость латексов в присутствии поликомплексов» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.
Қазіргі таңда 18 оқу-әдістемелік жинақтары мен 25 мақалалары жарияланды. 2013 жылы халықаралық «Болашақ» стипендиясын жеңіп алып, 2013-2015 жылдар аралығында Colorado School of Mines стажировкадан өтті.
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттіктехнологиялар және инжиирнг университетінің
бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымыЖанар Абдукаримова
-
Фото
-