Талдықорған қаласындағы «Күншуақ» балабақшасында ««Біз – Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» тақырыбында ертеңгілік өтті
Бүгін Талдықорған қаласы № 8 «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Біз – Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» тақырыбында ертеңгілік өтті.
Жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру, балаларды елжандылыққа тәрбиелеу, қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған мерекелік ертеңгілік барысында балабақша тәрбиеленушілері Тәуелсіз Қазақстанның өткені мен болашағын суреттейтін «Ғасырлар жежіресі» көрінісін сахналады.
Сондай – ақ, бүлдіршіндер «Шашу», «Қошақандар» билерін билеп, кішкентай таэквандошылар өз өнерлерін ортаға салды.
Тәрбиеленушілер Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік Туында бейнеленген, еркіндікті білдіретін құс - Қыран бүркіт және тыныштық пен байлықты бейнелейтін Күн бейнелерін сомдап, «Қыран құс пен күн аңызы» атты музыкалық көрініс ұсынды.
Ертеңгілікке қатысқан аумақтық кәсіподақ ұйымы және қалалық білім бөлімінің басшылығы, ата-аналар, еңбек ұжымы балалардың көрсеткен өнеріне тәнті болды.
Шара соңында Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы С.Әбдіқадыров бүлдіршіндерге жылы лебізін білдіріп, рахметін айтты.
Талдықорған аумақтық ұйымыныңбаспасөз қызметі
-
Фото
-