
Балпық би кентінде «Тағзым. Құрмет. Өнеге» тақырыбында еске алу кеші өтті
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты Көксу аудандық комитеті Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Балпық би кентіндегі Б.Құндақбаева атындағы №1 орта мектебінде «Тағзым. Құрмет. Өнеге» тақырыбында Биғайша Құндақбаеваны еске алу кешін өткізді.
Еске алу кешіне аудан әкімі Әділ Алмас, облыстық ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары Райхан Серғазинова, аудандық ақсақалдар алқасы мүшелері, аудандағы орта мектеп директорларының орынбасарлары, Б.Құндақбаеваның ұрпақтары қатысты.
«Қазақтың құлагер ақыны Ілияс Жансүгіров «Өзелі,өзерлерінескермесе,Ел,тегі,алсын қайдан кемеңгерді!» демекші туған елі бар да ержүрек ұлдары мен қыздары халық жанында мәңгі сақталады. Есімі тарих беттерінде алтын әріппен жазылған Биғайша Құндақбаеваның ізі өшпесін деген ниетпен осындай келелі іс – шара өткізуді жөн көрдік», - дейді өз сөзінде Көксу аудандық кәсподақ комитетінің төрайымы Сағымбала Құлсейітқызы.
Іс шараны аудандық кәсіподақ комитеті жанынан кұрылған «Жалын» жастар кенесінің мүшелері жүргізді. Келелі кездесу барысында айбынды жауынгер, ардақты ана өмірінен сыр шертіліп, естеліктер айтылды. Жеткіншектер ардагер–ұстаз жайлы сұрақтарын қойып, арнаулар оқыды.
Анықтама үшін:
Биғайша Құндақбаева атындағы №1 орта мектебі Киров поселкесіндегі Береговая, Линейная, Набережная, 1-я, 2-я перевалка көшелерінде тұратын балаларды оқумен қамтамасыз ету мақсатында 1954 жылғы 6 майдағы Киров аудандық халық депутаттары советінің №5-136-10 шешіміне сәйкес ашылған болатын. Алғашқы кезде мектепте сабақ 3 кезеңмен өткізілген.. Мектепте пионерлер бөлмесі, кітапхана, мұғалімдер бөлмесі, бірнеше класс бөлмелері болған екен. Әрбір класс контрамарка пеші арқылы жылынған - Ұлы Отан соғысының ардагері Н.Щербаков мектептің алғашқы директоры қызметін атқарған.
2000 жылдың 15 ақпанында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Қ.Тоқаевтың «Қазақстан республикасының білім, мәдениет ұйымдары мен мұнай-кен орындары, темір жол бекеттерінің атын өзгерту туралы» №257 Қаулысына сәйкес мектепке Ұлы Отан соғысының ардагері, халық ағарту ісінің озық қызметкері Биғайша Құндақбаеваның есімі берілді.
Бүгінгі күні мектепте 1 мультимедиалық,2 лингафон және жаңа үлгідегі физика, химия, биология кабинеттері, 3 интерактивті тақта, спорт және мәжіліс залдары бар. Сонымен қатар, мектептің аумағында футбол, баскетбол және волейбол алаңдары бар. Мектепте 50-ден астам ұстаз еңбек етеді.
САҒЫМБАЛА ТӨКЕНОВА,Көксу аудандықкомитетінің төрайымы
-
Фото
-