Судьялар болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында дәріс оқыды
2017 жылғы 7 сәуірде Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиирнг университеті мен Маңғыстау облыстық соты арасында өзара Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.
Ынтымақтастықтың мақсаты - «Құқықтану» мамандығының студенттеріне болашақ - заңгерлердің іскерлік дағдылары мен кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік беру.
2017 жылдың 24 қарашасында меморандум аясында Мұнайлы аудандық соттың судьясы Б. Елемесов УВЮП 17-5, УСЮП 17-5 топ студенттеріне «ҚР дін бостандығы бойынша өзекті мәселелер» тақырыбында, Ақтау қалалық №2 соттың судьясы А.Н. Ахметова «Татуластыру рәсімдері» тақырыбында ЮП-15-1, ЮП-15-3 топтарына дәрістер оқыды.
Дәріс барысында топ студенттері сот жүйесіндегі азаматтық істер бойынша татуластыру рәсімдері туралы сұрақтар қойылды. Медиация институтының қолдану салалары, соттағы партисипативтік рәсімдері туралы және тағыда баска өздерін қызықтырған сұрақтарына тұшымды жауаптарын алды.
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттіктехнологиялар және инжиирнг
университетініңбастауыш кәсіподақ төрайымы Ж. Абдукаримова
-
Фото
-