
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Маңғыстауда аймақаралық «Batys Skilss» сайысы өткізілді
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Маңғыстауда 27-29 қараша аралығында аймақаралық «Batys Skilss» сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты ең үздік студенттерді анықтау, шығармашылық қабілетін дамыту мен шеберлігін таныту болып табыдалы.
Бұл сайысқа 5 облыстан ең үздік деген студенттер өздерінің мамандығы бойынша сынға түсті. Соның ішінде «Аспаз құзіреттілігі» бағыты бойынша әр облыстан 2 студенттен 10 студент қатысты.
Маңғыстау облысынан кәсіподақ жастары ұйымынан 2 студент қатысты: «Маңғыстау туризм колледжінен» Ералы Сырым 3 курс және «Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінен» Шаповалов Адам –2 курс студенттері.Нәтижесінде: «Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі» студенті Шаповалов Адам ІІ орынды иеленді.
Ақтау технологиялық қызметкөрсету колледжінің мұғалімі,өндіріс шебері Құспанова Әсел
-
Фото
-