«Менің таңдаған мамандығым» байқауы
Ақтөбе облысы Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні аясында және Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасында белгіленген міндеттерді орындау мақсатында «Мамандығым – мақтанышым» атты жас педагогтар слетінің І кезеңі «Менің таңдаған мамандығым» тақырыбында жас ұстаздар арасындабайқауы өтті.
Сайысқа білім беру мекемелерінен 18 жас ұстаздар қатысты. Сайыс 6 кезеңнен тұрды.
Сайыстың кезеңдерінде видеоролик дайындау арқылы өзін-өзі таныстыру, қатысушылар топқа бөлініп, топтық тапсырмаларды орындау, «Егер мен мектеп басшысы болсам...» тақырыбында топ ұсынған лидерлер өз жобаларын ұсыну, ән,би,өлең,сурет және тағы басқа бойларындағы қасиеттерін паш ету сияқты сайыстарды өтіп жас ұстаздар жаңашылдыққа, шығармашылыққа деген ұмтылысы мен топпен жұмыс жасау шеберліктерін көрсете білді.
Байқау қорытындысы бойыншабайқау жеңімпаздары мен қатысушыларынТемір аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Сәбенова Назгүл Жоламанқызы құттықтап, бағалы сыйлықтармен марапаттады.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-