.jpg)
Жас педагогтар слеті
Ақтөбе облысы Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні аясында және Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасында белгіленген міндеттерді орындау мақсатында «Мамандығым – мақтанышым» атты Ақтөбе облысы Темір аудандық жас педагогтар слеті өтті. Слет аясында «Менің таңдаған мамандығым» тақырыбында байқауы өтті. Байқауға 18 жас ұстаз қатысып, үздіктері кәсіподақ тарапынан марапатталды.
Слеттің мақсаты:педагог мамандығының мәртебесін арттыру;жастардың кәсіби деңгейін көтеруге ықпал ету;шығармашылықпен жұмыс жасайтын, рухани-адамгершілік мәдениетті игерген, жан-жақты дамыған, озық идеялы, жоғарғы интеллектуалды деңгейдегі жастарды анықтау;келешек еңбек жолдарында табысты, жаңашыл, шығармашылықпен еңбек ету үшін материалдық, моральдық ынталандыру.
Слеттің жұмысына Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымының төрайымыСерікова Раушан Серікқызы, Темір ауданы әкімінің орынбасары Шаимов Болат Сейтенұлы, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының бөлім басшысы Жұбандықова Меруерт Күнболқызы қатысты.
Белсенді жас кәсіподақ мүшелері облыстық, аудандық кәсіподақ тарапынан марапатталды.
Слеттің үндеуі қабылданып, слет соңы мерекелік концертпен аяқталды.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ