«Рухани жаңғырудың жаршысы - жастар!»
28 қараша күні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Қызылорда облыстық ұйымы ҚБ ұйымдастыруымен 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Рухани жаңғырудың жаршысы-жастар!» тақырыбында кәсіподақ белсенділері жастар қанатының шарасы өтті. Аталған шараға облыстық, қалалық, аудандық кәсіподақ комитетінің жанынан құрылған Жастар комиссиясының мүшелері, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ белсенді студенттері қатысты.
Облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Байназарова Райкүл Мансүрқызы өз сөзінде: Ұлт көшбасшысының ел жастары өміріндегі орны ерекше. Жастар үшін «Жастар туралы» Заң және «Жастар концепциясы» қабылданып, «Дипломмен ауылға» «Жасыл ел», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары жасалды. «Біздің еліміздің болашағы-жастардың қолында!» деп, ел президенті әрдайым айтады. Бұл сіздерге деген ұлкен сенім. «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасында ел дамуының басым бағыттарын айқындап берді. Бұл міндеттерді орындау, оларды әрі қарай жүзеге асыру сіздерге жүктеледі.
Шара аясында «Бәсекеге қабілетті бизнес идеяларды табу және бағалау» тақырыбында Қоқыт Ата атындағы ҚМУ «Бизнес-START» орталығының жетекшісі Оразмаханов Жандос Шынжырбайұлы өткізсе, «Рухани жаңғыру: білімнің салтанат құруы» тақырыбында облыстық «Жастар ресурстық орталығының» КММ аға кеңесшісі Ыбрахим Әділ Мұратұлы жас кәсіподақ көшбасшыларының білімін жетілдіруге, белсенділігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізді.
Дөңгелек үстел барысында облыстық, Қазалы, Қармақшы аудандары жастар комиссиясының төрағалары 2016-2017 жж атқарған жұмыстары туралы есеп беріп, тәжірибе алмасты. Ортада кәсіподақ жұмыстарын жетілдіру жұмыстары бағытында ой-пікірлер айтылып, келесі 2018ж жылдық жоспарына кіргізу ұсынылды. Атап айтар болсақ: кәсіподақ көшбасшыларын дайындайтын жас ұстаздар қатарынан тренерлер дайындау, аудандық жастар қанатының байқауын өткізу т.б.
Шарада «Рәміздер-отаншылдық сезімнің бойтұмары» облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Бас жүлде: Жалағаш ауданы №122 орта мектебінің мұғалімі Дүйсебаева Шұғыла Серікбайқызы,
1 орын: Аян Тұрғанбек Тынысбекұлы – Қорқыт Ата атындағы ҚМУ студенті,
2 орын: Әлібек Мейірман Қожабекұлы-Жалағаш ауданы №114 мектебінің мұғалімі,
3 орын: Ерғалиева Гүлфара Аймагамбетқызы- Сырдария ауданы №36 мектеп-лицейінің мұғалімі,
«Арқалы ақын» номинациясымен Жаңақорған ауданы Бесарық балалар өнер мектебінің мұғалімі Мұстафаев Ерсұлтан,
«Ұшқыр ой» номинациясымен Қызылорда қаласының №257 орта мектебінің мұғалімі Шораева Бота Нартайқызы марапатталды.
Бас жүлде иегеріне диплом және Астана қаласына туристтік саяхатқа жолдама тапсырылса, басқа жүлдегерлер Диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Гүлнар Ескалиева,Облыстық кәсіподақ комитетінің төрайым орынбасары
-
Фото
-