Жаңа бастама
Қарағанды қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша «№102 мектеп-гимназиясы» бой көтерді. Мектебіміз қазіргі заман талабына сай салынған. Қазіргі уақытта мектеп өз жұмысын бастап кетті. Мектеп ұжымы толықтай кәсіподақ ұйымына кірді. Осындай жағымды жаңалықпен қатар келген мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Жунусова Жұлдыз Теміржановна мен Муканова Жазира Алгысовна қазіргі уақытта басты мәселе – елбасының бұйрығымен бекітілген Латын қарпіне көшу жайындағы жаңалықты мектеп мұғалімдеріне дебат пікір-талас сайысы арқылы жеткізді. Мектепішілік кәсіподақ ұйымының қолдауымен өткен іс-шарада барлық ұстаздар атсалысып, өздерінің ой-піріклерімен бөлісті. Сайыс барысында жақтаушылар да, даттаушылар да болды. Жақтаушылар мен даттаушылар кезең бойынша пікір алысу барысында дәлелдер мен фактілерге сүйене отырып жауап берді. Іс-шараның тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін мектеп әкімшілігі қазылық жасап, екі топқа да өз бағаларын берді. Соңғы қорытынды кезеңде өздерінің шеберліктерін көрсете білген жақтаушы топқа жеңіс берілді. Бұл шараның ұйымдастырылуы оң нәтиже көрсетіп, мектеп өміріне үлкен серпіліс болды. Әсіресе, мектебіміздегі жас мамандардың ойынға белсене қатысып, қызығушылық танытып, қолдау көрсетуі еліміздің болашағының жарқын боларын айғақтағандай! Шараны жоғары дәрежеде ұйымдастырушы мектеп-гимназияның кәсіподақ ұйымына алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта мектебімізде осындай игі шаралардың көп болатынына сенімдіміз.
Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу - ұлтымыздың санасын жаңғыртып, түбі бір түркі жұртымен ынтымақтастығымызды ұлғайтып, жаһандық әлемге жол ашуымызға үлкен мүмкіндік.
Жумадилова Анара Асеткызы, Қарағанды қаласының №102
мектеп-гимназиясыкәсіподақ ұйымының төрайымы
-
Фото
-