Қайырымдылық – Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымы жұмысының негізгі бағыттарының бірі
Бұл – қиын жағдайға тап болған кәсіподақ мүшелеріне, жалғыз тұратын педагогикалық еңбек ардагерлеріне, ауыр дертке шалдыққан қызметкерлерге, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балар мен жетім балаларға деген көмек.
Ағымдағы жылы балалар баспанасының қамқоршылық кеңесінің құрамына облыстық кәсіподақ енгізілді және жылда өткізетін дәстүрлі мейірімділік пен шапағат мерекесі болып танылатын «Ризашылық» шарасына қатысты.
Баспана қызметкерлері – білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының мүшелері. Олар білікті кадрлар ғана емес, ата-ана қамқорлығынан айрылған сәбилер мен бүлдіршіндерге деген ерекше мейіріммен қарайтын тұлғалар. Бл шараға қызметкерлер өте тиянақты дайындалады, балғын шақты балаларға бақыт сезімін сыйлауға, тосын сый жасауға бар күштерін салады. Арайлы таң олар үшін жаттығудан, дәмді астан және қонақтарды күтуден басталады. Ал баспана тәрбиешілері мен басқа да жұмыскерлердің театрландырылған қойылымдар қою балалардың ерекше қызығушылығына бөлейді.
Ұжымның қойымлымдарына келген қонақтар – қамқоршылық кеңесінің мүшелері де араласып кетеді, балаларды мерекемен құттықтай отырып, көптеген ойыншықтар мен тәттілерді тарту етеді. Қонақтарға өздерінің концерттік орындауларымен ризашылық танытқан балаларға «Замандас» клубының мүшелері арасындағы педагогикалық еңбек ардагерлері де араласып кетті. Бүлдіршіндер «біздің әжелеріміз» деп ілтипат білдірді. Ардагерлер болса оларға ән арнап, олармен көңілді билер билесе керек. «Ризашылық» шарасы көптен күткен әрі көңілді мерекелердің бірі болып танылды.
Ата-ананың назары мен тәрбиесінен айрылған балаларға арналған көңіл мен қамқоршылық тан асқан игі шара жоқ болар. Олармен жүздескен әрбір сәт мейірімділіктің әрі азаматтық ұстанымның нышаны.
Бейсенова Баян Гәккуқызы,Қазақстандық салалық білім және
ғылым қызметкерлері кәсіподағыныңПавлодар облыстық ұйымының бас маманы
-
Фото
-