
СПОРТ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» деген даналық сөзді негізге ала отыраЖамбыл облысы Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйінде кәсіподақ комитетінің қолдауымен спорттық спартакиада эстафеталық жарыс түрінде өткізілді. Спартакиаданың мақсатысалауатты өмір салтын ұстануды, денсаулықты табиғи жолмен нығайтуды насихаттау, ұжым арасындағы қызметкерлердің бір-біріменшынайы достық қарым-қатынасын үлгі-өнеге ету болып табылды.
Жарыс балалар үйі ұжымының қызметкерлері арасында қосымша білім беру мамандарының, шеберхана және күзет қызметкерлерінің қатарынан құрылған 3 команда,7 қатысушының құрамымен өтті. Жарысқа барлық қатысушылар өте белсенді атсалысты.Жалпы команда құрамы 8 ойын түрінен өнер көрсетті.
Қазылар алқасы командалардың девиздеріне, эмблемасына, бірыңғай үлгідегі спорттық киімдері мен ұжымшылдық, бірлік және ынтымақтастық қасиеттеріне ерекше мән берді.Жарыс соңында қазылар алқасы өздерінің әділ шешімдерін шығарды. Нәтижесінде «Тұлпар» командасы – І, «Күзет» – ІІ, «Шеберхана»-ІІІ орындарды иеленді. Біріккен кәсіподақ ұйымы жеңімпаз командаға бағалы сыйлық,қалған командаларға ынталандыру сыйлықтарын табыс етті. Жарыс естелікке суретке түсумен аяқталды.
Дина МУСАЕВА,Қ.Сарымолдаев атындағы балаларүйінің педагог-психологі,ЖАМБЫЛ облысы
-
Фото
-