
Ұрпақтар сабақтастығы
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында, Ақтау қаласындағы білім ошақтарының қара шаңырағы «№11 мамандандырылған физика-математикалық мектебі» коммуналдық мелекеттік мекемесінің 40 жылдық мерейлі мерекесіне арналған салтанатты кеш аталып өтті.
Жарты ғасырға жуық ғұмырында білім ошағы қаншама жас ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып келеді.
Мерекелік кештің шымылдығын мектеп директоры Гүлзада Енсегенқызы тұңғыш ашылған қазақ мектебі 1977-1978 оқу жылында 51 сыныппен 1357 оқушымен басталғанын атап өтті. Г. Енсегенқызы қиын да қызығы мол ұстаздық еңбек жолындағы сәттерді баяндай келе, өзіне дейінгі осы мектепі басқарған басшыларды ортаға шақырып өз атынан еңбектеріне ризашылығын білдірді.
Әр кезеңдерде басқарған мектеп басшылары Қошанов Бақтығали Сәрсенұлы, Дощанов Аманбек Түйтеұлы, Қалиева Светлана Ақмұратқызы, Өтесбаева Айбаршын Қуанышқалиқызы басшы болған кезеңдегі жүргізген жұмыстары, жетістіктері мен кездескен қиыншылықтары туралы айта келе, бүгінгі таңда 40 жылдық ерекше даму тарихы бар беделді білім ошағына айналғандығын атап өтті.
Бұл мектеп қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиада, ғылыми жоба, спорттық жарыстар мен өнер сайыстарында жүлделі орындарды иеленіп жүрген 40 жылдық тарихы бар бұл мектеп үнемі озық, үлгілі мектептердің қатарында келеді. Мерекелік кештің қонақтары да мектеп ұжымына алғыстар-тілектерін білдірді.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің Ақтау қалалық филиалының төрайымы К. Енсегенова да кәсіподақ атынан мектеп ұжымы 100 пайыз кәсіподақ мүшелігі екендігі атап көрсетілді, 40 жыл мерейтойымен құттықтай отырып, зерек шәкірт, зерделі ұрпақ тәрбиелеудегі өлшеусіз еңбектерінің жемісті болып, шәкірттері биік белестерден көріне беруіне тілек білдіре келе, облыстық және қалалық кәсіподақ жанынан ұжымға «Қарғалы» сауықтыру орталығына 1 жолдамаға сертификат табысталды.
Мерекелік кеш өте жоғары деңгейде ұйымдастырған,кеш соңында ортада мектеп ұжымы хормен, көңілді сазды әуендермен аяқтады.
Маңғыстау облысы,Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымы
-
Фото
-