Мақсаты айқын жастар
1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент күні құрметіне Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің жастар комиссиясының кеңейтілген отырысы 22 қараша 2017 жылы өтті. Басқосуға облыстық кәсіподақ комитеті төрайымының орынбасары Г.Есқалиева, аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Г.Аханаева, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы, аудандық мәслихат депутаты Е.Бақбергенұлы, білім бөлімінің сектор меңгерушісі Б.Жәнібеков және 50-ге жуық кәсіподақ көшбасшылары қатысты.
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың өмір жолынан слайдтар көрсетіліп, жас мұғалімдер Раушан Атаулиева (№201 мектеп), Шұғыла Дуйсенбаева (№122 мектеп) өз шығармашылығынан арнау өлеңдерін оқыды.
Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар бағдарламасына және жаңартылған білім мазмұнына байланысты қызу пікірлер айтылып, елімізде жастарға жасалынған игі істерін атап өтті.
Жастардың көшбасшылық қабілетін дамыту бағытында тренигті педагог-психологтар Жансая Ерденбаева, Бауыржан Қалиянов, Айзада Нұғыманова қызықты өткізді. Жалағаш жастары 2018 жылға атқарылатын жұмыстарын айқындады.
Аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Г.Аханаева
-
Фото
-