БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ
Кәсіподақ ұйымдарының басты міндеті – жастарды кәсіподаққа тарту, жастар кәсіподақ қанатын құру болып табылады. Осы мақсатта құрылған Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымының Жастар ісі жөніндегі Кеңесінің кезекті мәжілісі 2017 жылдың 17 қараша айында өткізілді.
Мәжіліске облыстық білім беру басқармасына қарасты – 12 аудандық, қалалық және облыстық білім беру орталықтары мен мекемелері, колледждер, М.Өтемісов атындағы БҚМУ бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан сайланған Жастар ісі жөніндегі Кеңесінің мүшелері, сонымен қатар арнайы шақырумен аудандық, бастауыш кәсіподақ төрағалары қатысты. Жиналыс барысында күн тәртібіне қойылған мәселелер талқыланып, қаулылар алынды.
-
Фото
-