
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің Ақтау қалалық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымы комитеті төрағаларымен жиналысы өткізілді
Жиналысқа облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Т.Баймбетова және Ақтау қаласы білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының 57 төрағалары қатысты. Алғы сөзімен жиынды Ақтау қалалық кәсіподақ филиалының төрайымы Күнзира Еңсегенова ашты. Күн тәртібімен таныстырды. Бірінші мәселе бойынша 2015-2017 жылдарға жасақталған Ұжымдық шарттың №5 бөлімі «Келісім комиссиясы» орындалу барысы туралы тоқталып өтті және осы тақырып бойынша қалалық бастауыш ұйымдары арасында семинар ұйымдастырылғанын атап өтті. Қазіргі таңда «Келісім комиссиясы» орындалысы, қиындықтар туындаған жағдайлар болса сауалдарын беруге ұсыныс айтылды.
№6 орта мектептің бастауыш кәсіподақ төрайымы А. Ермағанбетова ,
- Келісім комиссиясысының құрамы неше адамнан тұрады? - деген сауал қойылды.
- Комиссия құрамы негізінен ұжымдағы қызметкерлердің санына байланысты, егер ұжымдағы қызметкерлердің саны 50-ден жоғары болса екі жақтан екі-екі адамнан, яғни 4 адам, егер ұжымдағы қызметкерлердің саны 50-150 болса екі жақтан үш-үш адамнан 6 адамнан, ал егер ұжымдағы қызметкерлердің саны 150 - ден көп болса екі жақтан төрт - төрт адамнан 8 адамнан болатындығы түсіндіріліп өтті. Сонымен қатар «Келісім комиссиясысына» байланысты көмекші құрал кітапшасы дайындалғаны және осы мәселеге байланысты толық, түсіндіріле отырып, әлі де келісім комиссиясы құрылмаған ұйымдарға мерзімі 15.11.2017ж. дейінгі аралықта құрылуы керек екендігі ескертілді.
Күн тәртібіндегі мәселелер толықтай қаралып, қатысушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, түсінік жұмыстары жүргізіліп отырды. Отырыста слаид арқылы қалалық және облыстық кәсіподақ жанынан ұйымдастырылған шаралар да көрсетіліп, жүргізілген шараларға белсенді қатысып келе жатқан бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларына алғыс білдіре келе, қалалық кәсіподақ жанынан «Алғыс хатпен» марапаттталды.
Сөз кезегі облыстық кәсіподақ төрайымы Т. Баймбетоваға берілді. Бүгінгі таңда бастауыш кәсіподақ ұйымының басты міндеті ұжымдағы қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болғандықтан өте жауаптылықпен қаралуы айтылып өтті. Сондықтан да қандай да көмек, сұрақтар болса облыстық және қалалық кәсіподақ жанынан толық мүмкіндік бар екендігі түсіндірілді. Жоғарыда облыстық және қалалық кәсіподақ жанынан ұйымдастырылған іс-шаралар атап айтсақ «ЭКСПО кереметтері-2017» суреттер байқауы, ұстаздар күні меркесіне байланысты «Шағын футбол» және «Амрстилинг» жарысы, республикалық «Тәуелсіздік - тұғырым» шығармашылық өлеңдер байқауына қатысушыларды ұйымдастыру, кәсіподақ жұмысын көрсете келе бастауыш кәсіподақ ұйымының белсенділігі атап көрсетілді.
Облыстық және қалалық кәсіподақ жанынан да үзбей қайырымдылық қолдау көрсетілетіндігі, кешегі ұстаздар күні мерекесінің бірлесе ұйымдастырылуы және зейнеткер ұстаз Б. Ихсановқа «Шағала» сауықтыру демалыс орталығына облыстық және қалалық кәсіподақ жанынан жолдама бөлінгендігі айтылды.
Жиналысты қорытындылай келе барлық қатысушыларға облыстық кәсіподақ жанынан дайындалған көмекші: «Келісім комиссиясының қызметі мен орындалу тәртібі», «Еңбек демалысына төленетін Сауықтыру жәрдемақы көлемі», «Методикалық түсіндірмелер еңбек қатынастары заңдылықтарының орындалысы» тақырыптарымен көмекші құралдар таратылды. Сонымен бірге бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағалары атынан № 10 орта мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы К.Кадимова, бүгінгі кәсіподақ жиналысынан көптеген түсініктер жүргізілгендігін, көмекші құрал кітапшалардың маңызды екендігін айта келе жалпы кәсіподақ қорғаушы күші екендігін жеткізе келе, облыстық және қалалық кәсіподақ басшыларына өз ризашылықтарын білдірді.
Барлық бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларына облыстық және қалалық кәсіподақ жанынан алғыстарын білдіре келе, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Ақтау қалалық кәсіподақфилиалының төрайымыК. Еңсегенова
-
Фото
-