
«Ұлағаты мол ұстаз»
Қарашаның 15 күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасына сәйкес «Ұлағаты мол ұстаз» тақырыбында Төлеген Мақсым Сәлімханұлын еске алу кеші өтті.
Осы шара аудан әкімшілігінің бастауымен, мектеп ұжымының және осы мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрайымы Аравиди Ольга Ивановнаның қолдауымен ұйымдастырылды.
Қызылтөбе мәдениет үйінде өткен кешке ардагер ұстаздар Сисен Боқыбаев, Сұлуша Актурина, Мақсым Сәлімханұлының сыныптастары, достары, әріптестері, аудандық кәсіподақ ұйымының төрейымы Кашиева Ақмоншақ және мектептердің бастауыш кәсіподақ ұймымдарының төрағалары шақырылды.
Еске алу кеші кіріспе сөзден кейін №2 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ермекова Факия Алухановнаның «Ұлағатты ұстаз» тақырыбында баяндамасымен жалғасты. Әрі қарай аудандық, облыстық «Ақындар мүшайрасы» байқауларының жүлдегері, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахмет Құдабаев «Ұлағаты мол ұстаз» атты Төлеген Мақсым Сәлімханұлын еске алу кешіне арнаймын» өз өлеңін оқыды, бастауыш сынып мұғалімі Бекжанова Нұрия Дурдыбаевнаның «Мақсым ағайға» деген өлеңін мектептің жас мамандары оқып жеткізді. Сонымен бірге Мақсым Сәлімханұлы туралы бейнероликтер, слайд-презентация көрсетілді.
Егер ортамызда жүрсе, осы жылы Мақсым Сәлімханұлы 70 жасқа толатын еді. Ардагер ұстаз Төлеген Мақсым Сәлімханұлы 1992 жылдан бастап 15 жыл №18 (қазіргі №2) орта мектептің директоры, шебер ұйымдастырушы, беделді іскер маман, басшы, ұжымдастар арасында аса қадірлі болды. 47 жыл білім аясында жұмыс жасады. Жас шағынан бастап, ғұмырының соңына дейін ұрпақ тәрбиесіне, қоғам талабына сай сапалы тәрбие беру ісіне басшылық етіп жүрді. Іскер басшының еңбегі елеусіз қалған жоқ. Оған дәлел алған алғыстары мен марапаттары: 2004 жылы- Облыстық Департаментінің Кұрмет грамотасы, ерен еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Білім Министірлігінің Құрмет грамотасы мен, ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдық мерекелік медалімен марапатталған.
Кеш соңы «Нұрсая» мейрамханасында Мақсым Сәлімханұлының отбасымен жалғасты.
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының
Қызыл төбе селосының № 2 орта мектептің
бастауыш кәсіподақ ұйымының төраймы
Аравиди Ольга Ивановна
-
Фото
-