
Ұлттық валюта күні Темір ауданында
Темір аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ ұйымы аудандық Шұбарқұдық саз мектебінде Ұлттық валюта - теңге күніне қарсы аудандық білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінің есепшілеріне арналған мерекелік шара ұйымдастырды. Мерекелік шараны аудандық білім бөлімінің басшысы Г.НуртазинаЕл Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленіп, 2006 жылы 15 қарашада жаңа үлгідегі банкноттар айналысқа енгізілгенін айта келеесепшілерді құттықтап, білім бөлімінің бас экономисін білім министрлігінің Құрмет грамотасымен, аудандық білім бөлімінің бас есепшісі мен саз мектебінің есепшісін облыстық білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапаттады. Аудандық білім бөлімінің есепшілері аудандық кәсіподақ ұйымының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Шара аудандық музыка мектебінің ұстаздары мен оқушыларының көңіл толқытар әсем әндері мен күйлеріне жалғасты.
Ақтөбе облысы,Темір ауданы