«Жас талант-2017»
Маңғыстау политехникалық колледжінде 1 - курс кәсіподақ студенттерінің арасында «Жас талант-2017» байқауы өтті.
Ұйымдастырудағы мақсаты — талантты, дарынды жас таланттардың өнерін, ақындық шеберлігін шыңдап, көпшілікке танылуына мүмкіндік жасау, қолдау көрсету. Сайыс «Вокал-ән», «Көркем сөз», «Ақындар жырлайды», «Сурет өнері» номинациялары бойынша өткізілді. Сонымен бірге «Жайдарман» ойындары ұйымдастырылды.
«Вокал - ән» жанры бойынша Ахметов Ринат І-орын, Аманкелді Исламбек ІІ-орын, Тұрдыбаев Наурыз ІІІ-орын, ал «Көркем сөз» жанры бойынша Қабылова Жарқын І-орын, Ахметова Бақыт ІІ-орын, Ілиясов Нұрболат ІІІ-орын, сонымен бірге «Ақындар жырлайды» жанры бойынша Ахметов Наурыз І-орын, Куантқанова Альбина ІІ-орын, Қуантұрлы Дәулет ІІІ-орын, «Сурет» өнері бойынша Байбоз Дастан І – орын, Джанбауов Айдос ІІ-орын иеленді.
Ал «Жайдарман» ойындары бойынша «Шапалақсыз шықпаймыз» тобы І-орын, «Ералаш» ІІ-орын, «Drive» тобы ІІІ-орын, «Үздік ойыншы» номинациясын Аджанов Алжан жеңіп алды. Сайыстың жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сайыс соңында жастар жеңімпаздарға алғыс тілектерін білдіре отырып, сайыстың алдағы уақытта да жастар арасында өткізілуіне ұсыныстарын айта келе, көтеріңкі көңіл-күймен ризашылықпен тарқасты.
Маңғыстау политехникалық колледжінің Мұғалімі,
«Болашақ» жастар кәсіподақ ұйымының төрайымы Кулчикова Алима
-
Фото
-