
«Берекелі алтын күз»
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданының, №9 «Бәйтерек» балабақшасында «Берекелі алтын күз» ертеңгілігімен көрмесі өтті. Оған Мұнайлы ауданының білім бөлімінің әдіскері Рамбаева Ұ., аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Кашиева Ақмоншақ Ахметқызы, балабақшаның басшылары мен педагог қызметкерлері қатысты.
Залдың іші күз мекересіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жәрмеңкесі, жемістер мен көкеністер салынған себеттермен әсем көркемделген.
Армысыңдар халайық,
Бармысыңдар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай.
Бірге қарсы алайық – дей келе әдемі сазды әуен ойналып, балалар тәрбиешілермен бірге залға еніп, орындықтарға жайғасты.
Күз ханшайымы, берекелі күздің тартуын ала келіп, себет толы жемістерді берді. Мереке соңы, күз жәрмеңкесі алдын-ала дайындалған көкөніс-жемістердің көрме сайысымен аяқталды. Сайысқа 13 топтың тәрбиешілерімен балабақша әкімшілігі және асхана қызметкерлері қатысты.Сайыс өте жоғары дәрежеде өтіп, арнайы дипломдармен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Кашиева Ақмоншақ Ахметқызы,«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының
Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ –ніңМұнайлы аудандық филиалының төрайымы
-
Фото
-