
Астана қалалық сайыстық семинары өтті
Білім беру басқармасының қолдауымен Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында педагогтардың кәсіби шығармашылық тәжірибесін арттыру және дарынды педагогтарды анықтау мақсатында «Қазақстанның ұлттық сәндік-қолданбалы өнеріндегі жаңа қырлар» атты қалалық семинар қарсанында, ұстаздар арасында байқау ұйымдастырылды. Бұл жоба халық шығармашылығының дәстүрлерін жандандыруға, талантты тәрбиешілерді анықтауға, дамытуға және қолдауға ықпал етеді, дәстүрлі халық мәдениетінің, қолөнер мен қолөнердің барлық алуан түрлілігін сақтау және дамыту мәселелеріне қоғамның назарын аударады. Байқауға әртүрлі техникалар бойынша үздік жұмыстар ұсынылды: графика, кескіндеме, өнер және қолөнер, мүсін, тоқыма және тігін.
Семинарға қатысқан барлық мұғалімдер үшін Астана қаласының жетекші суретшісі - Астана қаласының Суретшілер одағының басқарма төрағасы, мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер Академиясының академигі, «Құрмет» орденінің кавалері Ермеков Тоқтар Тишкулұлы шығармашылық шеберлік сағатын көрсетті.
Гран-при иегерлері: Мұхамеджанов Әлімжан Мағзұмұлы (№69 МГ), Макашева Мадина Асқарқызы (№15 МЛ), Токтарова Майя Батырханқызы (№60 МЛ), Сатубалдин Аблайхан Каримтайұлы (№28 ОМ), Иржанов Кайрат Байтұрсынұлы (№28 ОМ), Жұмағат Фариза Рахметоллақызы (№1 өнер мектебі) өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп шеберлік сағаттары көрсетілді.
Астана қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлер кәсіподағы мен Астана қаласының Білім басқармасы Бас жүлде иегерлері мен 1,2,3 орын алған жеңімпаздарды дипломдар мен бағалы сыйлықтарымен марапаттады.
Байқауға қатысқан барлық қатысушыларға сертификат берілді.
-
Фото
-