Текелілік ұстаздар латын әліпбиіне көшу туралы ойларын ортаға салды
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аттыбағдарламалық мақаласының жарық көруі – еліміздің саяси өміріндегі елеулі оқиға.
Осы ретте, Текелі қалалық білім бөлімі және қалалық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшу - уақыт талабы» тақырыбында семинар өтті.
№5 орта мектептің негізінде өткен шараға Текелі шаһарындағы барлық білім ордаларында еңбек етіп жүрген 50 астам жас мұғалімдер қатысып, латын қаріпіне көшудің маңызы, қоғамда алар орны туралы өз пікірлерін білдірді. Сонымен қатар, жастар мемлекет басшысының шешімін ықыласпен қабылдайтындықтарын айтып, осы маңызды үрдісті насихаттауға байланысты дайындаған жұмыстарын қорғады. Жаңа әліпби нұсқасын тәжірибе жүзінде іске асырып, практикалық жұмыстар орындалды.
Семинар соңы патриоттық, ұлттық рухты әндер мен флешмобқа ұласты.
Талдықорған аумақтық ұйымының
баспасөз қызметі
-
Фото
-