
Ескелді ауданында волейболдан мектепаралық жарыс өтті
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»атты бағдарламасы аясында бүгінгі күні елімізде спорттың дамуына ерекше көңіл бөлінуде. Спорт еңбек ұжымында достық қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді, салауаттылыққа ынталандырып, спортпен айналысуға үгіттейді.
Денсаулық- ең басты байлық, ал салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен іс-шараларға қатысу біз үшін үлкен мәртебе.Осы ретте, 2 қараша күні білім және ғылым қызметкерлері Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты Ескелді аудандық кәсіподақ комитеті және әлеуметтік әріптес аудандық білім бөлімінің ұйытқы болуымен аудан мектептері арасында волейболдан жарыс өтті.
Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының спорт залында өткен жарыстың ашылуы салтанатында әдістемелік кабинетінің әдіскері Р.Жексенбинов және аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы А.Байзақова құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тілеп, жеребе нәтижесі борйынша қарсылас командаларды анықтап берді.
22 команда қатысуымен өткен жарыстың қорытындысы бойынша І орынға ие болған Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің спортшылары І дәрежелі дипломмен және 40000 теңге қаржылай сыйлықпен марапатталды.
Тиісінше ІІ орынды иеленген Н.Алдабергенов атындағы орта мектептің командасы ІІ дәрежелі диплом және 30000 теңге ақшалай сыйлықпен, ІІІ орынды иеленген М.Байысов атындағы орта мектептің тобы ІІІ дәрежелі дипломмен және 20000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Шаршы алаңда мықты шеберлік пен әдемі ойын көрсетіп, командалық бірлікті таныта білген ұстаздар келесі спорттық додада жолыққанша қол алысып, ыстық ықыласпен тарқасты.
Ал жеңімпаздарымызға болашақта бағындырар белестерің мен алар асуларың биік болсын деген ізгі ниетімізді білдіреміз
Білім және ғылым қызметкерлеріТалдықорған аумақтық ұйымы,
Ескелді ауданы,Ш. Уәлиханов ат. орта мектебібастауыш кәсіподақ ұйымыныңтөрайымыҚ.Ұ.Ақмолдаева
-
Фото
-