Кәсіподақ ұйымының міндеттері сараланды
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты Ақсу аудандық комитетінің төрағасы Айдар Маралов 2017 жылдың қазан айына арналған желілік кестесіне сәйкес Көшкентал негізгі орта мектебіндегі бастауыш кәсіподақ ұйымыныңмүшелерімен кездесті.
Кәсіподақ комитетінің төрағасы бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысымен танысып, бірқатар кемшіліктерді анықтады. Мысалы, еңбек қауіпсіздігі бойынша техникалық инспектордың лауазымдық міндеттері нақтыланбаған, кәсіподақ ұйымы жиналыстарының хаттамалары мен қаулылары дұрыс рәсімделмеген, жиналыстар жоспарға сәйкес өтпеген. Төраға іс-қағаздарды жүргізу бойынша әдістемелік көмек көрсетіп, әріптестік комиссияның жұмысын жандандыру қажеттігін, кәсіподақ комитеті мүшелерінің оқытушыларды аттестаттауға, тарификациялау жұмыстарына қатысу керектігін баса айтты.Тексеру барысында анықталған кемшіліктерді ұйым төрағасы Г.Шалтабаева дер кезінде түзетті.
Сонымен қатар, кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Маралов мектеп ұжымымен кездесті. Кездесу барысында ұстаздардың жылсайынғы медициналық тексеруден тегін өту мәселесі сөз болды. Қоғамдық бірлестіктің төрағасы көтерілген бұл өзекті мәселе бойынша Ақсу аудандық малихатының хатшысы Б.Сүлейменовқа хат жолданатындығын айтты.
Талдықорған аумақтық ұйымыныңбаспасөз қызметі
-
Фото
-