Ұжымдық шарт іс жүзінде
Әрбір білім мекемесінде ұжымдық келісім-шарт еңбек және әлеуметтік кепілдіктерді сақтауды қамтамасыз ету мақсатында және ұйым қызметінің жұмысына қолайлы жағдай туғызу, қызметкердің жұмысын жақсарту үшін жасалады.
Жуырда білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты Сарқан аудандық комитетінің төрағасы Ж.Мұқашев 2017 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес Петропавловск, Черкасск орта мектептерінде ұжымдық келісім-шарттың орындалу және еңбек кітапшаларының толтырылу барысымен танысты.
Тексеру барысында қоғамдық бірлестіктің төрағасы Жанат Мұхаметқалиұлы еңбек ұжымдарымен кездесіп, ұстаздардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, мектеп әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы арасында жасалған ұжымдық келісімшарттарының орындалу барысымен танысып, өндірістік кеңестің жұмысына кеңірек тоқталып, техникалық иснпекторларға бірқатар ұсыныстар айтты.
Ал еңбек кітапшаларының толтырылу ретімен танысу кезінде білім беру мекемелерінің іс жүргізушілеріне қызметкерлердің еңбек кітапшаларына марапаттарды да енгізу керектігі туралы кеңес берді.
Жақсылық Жомартұлы,Сарқан аудандық кәсіподақкомитетінің мүшесі
-
Фото
-