
Талдықорғанда «Ең үздік жыл психологы – 2017» қалалық байқауы өтті
Талдықорған қалалық білім бөлімі және білім қызметкерлері қалалық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен орта білім беру мекемелерінің психологтары арасында «Ең үздік жыл психологы – 2017» қалалық байқауы өтті.
Ережеге сәйкес облыс орталығы мектептерінің психологтары сынға түсті. Бес кезеңнен тұратын байқауға 26 білім беру мекемесінен16 мектеп психологы қатысты.
Шара мектеп психологтарының шығармашылық жаңалықтары мен тәжірибелерімен алмасуына жағдай жасау, ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.
Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды М.Жұмабаев атындағы №19ортамектеп-гимназиясының психологі Шаяхметова Айжан Әбілғалиқызы иеленіп, облыстық байқауға жолдама алды.
Екінші, үшінші номинацияға ие болған жүлдегерлер қалалық білім бөлімінің, қалалық кәсіподақ комитетінің алғыс хаттары және сыйлықтарымен марапатталды.
«Ең үздік жыл психологы – 2017» қалалық байқауын жоғары деңгейде ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін №16 орта мектеп-гимназиясының ұжымы қалалық білім бөлімінің, қалалық кәсіподақ комитетінің алғыс хатымен марапатталды.
Айгүл Жөнкебаева,Талдықорған қалалық
кәсіподақкомитетінің бас маманы