
АРДАҚТЫ АНА-БІЛІКТІ МАМАН
Жас ұрпақтың тағдыры-ұстазқолында.Бұл ретте мұғалімнің басты міндеті-алдындағы оқушыларына білім беру ғана емес, сонымен қатар тәлім –тәрбиені өмірлік қажеттіліктеріне сай пайдаға асыра білуге үйрету.
Жаңа қоғам мұғалімі жаңашылдыққа бет бұрумен қатар ата-бабадан келе жатқан тәрбие үрдісін де ұмыт қалдырмай, жас ұрпаққа ұлттыққұндылықтар негізінде тәлім–тәрбие беруі керек. Ұлттың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов айтпақшы «жақсымұғалім мектепке жан кіргізетінін» де бір сәт есімізден шығармай,ұрпақ тәліміне өлшеусіз үлес қосуымыз керек.Сонда ғана ел болашағының тұтқасын ұстайтын білімді, көкірегі ояу, жан-жақты дамыған,бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелей аламыз.
Алкөл ауданы Еңбекші орта мектебінде шәкірт жүрегіне жол тапқан мұғалімдеркөп.Олардың ішінен көпбалалы аналар Сыдықова Нұржаңыл мен «Алтын алқа» иегері Нұрбекова Ләззатты ерекше атап айтқанды жөн көріп отырмын.Нұржаңыл Айтышқызыжоғары санатты физика және химия пәндерінің мұғалімі, ал Ләззат Ерғалиқызы бірінші санатты ағылшын пәнінің мұғалімі.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, өнегелі отбасыларының ұл-қыздары бүгінде ата-бабаларының ізгілікті ісін жаңа дәуірге сай жалғастырып, ел тәуелсіздігінің ұлы мұраты, еліміздің ертеңгі жарқын болашағы жолында еңбек етіп, өмір сүруде. Екі отбасының балалары да спорт пен өнерді өздерінің хоббиі деп біледі.
Бұл қасиеттері ата-аналарынан дарығаны анық. Екеуі де білім берумен қатар, мектептің қоғамдықөміріне белсене араласады.Нұржаңыл Айтышқызыдойбыдан,тоғызқұмалатан, ал Ләззат Ерғалиқызы шахматтан жыл сайын аудан, облыс деңгейінде өтетін спорттық додаларда жеңімпаз атанады. Сонымен қатар, қос ұстаз Алакөл аудандықЗ.Қойшыбаева атындағы мәдениет үйі жанындағы әжелер ансамбілінің белсенді мүшелері.
Динара Қожагелдинова,Талдықорған аумақтық ұйымы,
Алакөл ауданы Еңбекші орта мектебінің кәсіподақ ұйымының төрайымы
-
Фото
-