Облыстық креативті робо-жоба байқауын ұйымдастырды
«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ақтөбе облыстық ұйымы және «Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника «КазРоботикс» федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығымен» бірге облыстық креативті робо-жоба байқауын ұйымдастырды.
Байқау орта, қосымша және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқушылар мен студенттердің бойында робот құрастыру және бағдарламалау, білім беру үдерісіндеге оақпараттық жүйелерді, сандық зертханаларды, виртуалды конструкторларды пайдалануда ғылыми-техникалық шығармашылық пен инженерлік қабілеттерінің деңгейлерін анықтау және жетістіктерін насихат таумақсатындаөткізілді.
Барлық қатысушылардың жетекшілері, яғни жас маман-ұстаздар Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымының бағалы сыйлықтарымен марапатталды.