ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ – ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе», «Отан - отбасынан басталады» дегендей отбасы – шағын мемлекет. Отбасы дегеніміз ол сыйластық пен жарастықтан тұрады. Елімізде жыл сайын отбасы мерекесі аталып келеді. Мерекенің басты мақсаты - қоғамда жанұяның құндылықтарын насихаттау, имандылық пен руханиятты нығайту, жастарға үлгі ретінде тәрбиелеу.
Осы мақсатта біз де өз үйімізде атаулы мерекені атап өтуге зор көңіл бөлуді жөн санадық. Оқу орнымызға облысымыздағы үлгі тұтуға тұрарлық Тілеуқабыловтар жанұясын шақырып, жастарымызға өздері жайлы мәлімет берулерін, тілектерін, ақыл-кеңестерін тыңдауды ұйғардық.
Облысымызға танымал бұл жанұяның барлық мүшелерін жеке тұлға деуге болады. Отағасы – Қаржаубай Тілеуқабылов облыстық филармонияның күйші-домбырашысы, әрі сазгер, ал отанасы – Анна Вундер осы филармонияның әншісі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері. Ал ұлдары – Тимур республикамызға әйгілі «Аңсар» квартетінің әншісі.
Ессіз әндерді емес, есті әндер орындап, қазақтың қара домбырасымен күй төгіп, тыңдармандарын қуанышқа бөлеп жүрген бұл отбасымен болған кездесу жастарымызға ұнағаны сөзсіз. Тілеуқабылов отбасы болашақта отбасымен толық жиналғанда өздерінің концерттеріне шақыратындықтарын айтып бізді қуанта түсті. Қонақ кәдеге күй де төгілді, әндері де шырқалды.
Жанат САРЫБАЕВА,
Жамбыл облыстық жасөспірімдер үйінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы
-
Фото
-