.jpg)
ХХІ-ші Спартакиада
Қоғамдағы мұғалімнің денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ұстану, педогог мәртебесін арттыру, мұғалімдердің өзара қарым-қатынасын қалыптастыру мақсатында Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы білім беру ұйымдары арасында аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен 4-6 қазан күндері ХХІ-ші Спартакиада өтті.
Жарысқа аудан мектептерінен 17 команда қатысты.Жарыс регламент бойынша тоғызқұмалақ,үстел теннисі, волейбол спорт түрлерінен өткізілді.Жарысқа 162 кәсіподақ мүшелері қатынасып, тартысты, өте қызықты өтті.
Жеңімпаз командалар мен үздік ойыншы мұғалімдер аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы тарапынан марапатталды.
Ақтөбе облысы Байғанин аудандық
білім қызметкерлері кәсіподағының
төрағасы К.Кармысов
-
Фото
-